Freedom Inside '26

17 жыл қашып жүрген: ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды

17 жыл қашып жүрген: ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды
видео кадры

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 жыл жасырынған басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Күдікті 2007-2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден аса ақшаны несие арқылы ұрлағаны анықталған.

Бұл ақша топ мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсатқа пайдаланылған. Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ол 2026 жылғы ақпанда Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.