17 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Қаракөз Амантай 17 қар. 2025 07:00

17 қараша көптеген жұлдыз белгісі үшін жаңа мүмкіндіктерге толы күн болмақ. Бүгін адамдардың өзіне деген сенімі артып, жаңа бастамаларды қолға алуға ынта пайда болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқты

Бүгін белсенділігіңіз артады. Қиын тапсырмалардан қорықпай, жаңа іс бастауға қолайлы күн. Жұмыста жаңа идеяны іске асыру үшін жақсы мүмкіндік туады. Әріптестеріңіз қолдайды.

Торпақ

Іштей тыныштық іздейтін күн. Шешім қабылдар алдында ойлануға уақыт керек. Жұмыс барысында құжаттар, ресми хаттар, жоспарлауға ыңғайлы күн.

Егіздер

Бүгін сіз үшін қарбалас күн. Көп тапсырма қатар келуі мүмкін, бірақ бәріне үлгересіз. Жұмыста шапшаңдық қажет. Жаңа ұсыныс түсіуі мүмкін. Қосымша табыс көзі пайда болуы ықтимал.

Шаян 

Бүгін сезімтал боласыз. Ойланбай шешім қабылдамауға тырысыңыз. Басшылықтан күтпеген тапсырма түсуі мүмкін. Ал қаржы жағынан ірі сатып алуды бүгін жасамаған дұрыс.

Арыстан

Бүгін өзіңізді сенімді сезінесіз. Қаржылай табыс немесе бонус мүмкін.Сондай-ақ омантикаға қолайлы күн.

Бикеш

Ұқыптылық қажет. Бүгін істеген жұмысыңыздың сапасы жоғары болады. Жобаларды теңдестіру, түгендеу, есеп жүргізуге қолайлы. Шағын, бірақ тиімді инвестициялық шешім қабылдауыңыз мүмкін.

Таразы 

Күн үйлесімді өтеді. Көп мәселе өздігінен шешім табады. Жұмыс тыныш режимде. Шығармашылық бастамалар сәтті өтеді. Қосымша табыс мүмкіндігі бар.

Сарышаян

Интуицияңыз өте күшті. Соған сүйеніп шешім қабылдайсыз. Жұмыста жасырын бәсекелестік байқалуы мүмкін. Сақ болыңыз. Қаржы жағынан күтпеген табыс болуы ықтимал.

Мерген

Бүгін жаңалыққа толы күн болады. Өміріңізде өзгеріс әкелетін ұсыныс түседі. Сапар, іссапар, жиналыс көп. Ал ақшаны дұрыс жоспарласаңыз, айтарлықтай үнемдейсіз. Бүгін жаңа таныстық болуы мүмкін.

Тауешкі

Бүгін тәртіп пен сабыр керек. Ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Жұмыста жауапкершілігі жоғары тапсырма беріледі, оны өте сапалы орындайсыз.

Суқұйғыш 

Сыртқы ортадан шабыт аласыз. Шығармашылық ойларыңыз іске асады. Жұмыс барысында бірлескен жобаға қатысасыз. Сондай-ақ жаңа табыс көзіне алғашқы қадам жасайсыз. Әлеуметтік байланыстар кеңейеді.

Балықтар 

Бүгін сізге тыныштық қажет. Жоспарланған шығын нәтиже береді. Біреуден жылы сөз естисіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар