Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райына екі жағдай әсер етеді.
"Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон салдарынан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей кезде қатты жауын-шашын жауады. Артынша солтүстік, шығыс, орталық өңірлер солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, ауа температурасы төмендейді", - деді синоптиктер.
Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
16, 17 сәуірде солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8 градусқа дейін, күндіз +1…+8 градусқа дейін төмендейді. 18 сәуірге қарай шығыста түнде -2…-18 градусқа дейін өзгерсе, күндіз 0…+13 градус болады.
