16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
pixabay.com
Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде аяз сақталса, кей аймақтарда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
•Солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы –18–30°С-қа дейін төмендеп, күндіз –10–18°С шамасында болады. Кей жерлерде қар жауып, боран соғуы мүмкін.
•Шығыс өңірлерде түнде –20–32°С дейін аяз күтіледі, күндіз –12–20°С шамасында сақталады.
•Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде –10–25°С, күндіз –5–15°С шамасында болады. Жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.
•Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде –3–10°С, таулы аудандарда –12–18°С, күндіз 0+5°С дейін жылынады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
 
Республика бойынша кей аймақтарда тұман түсіп, желдің күшеюі мүмкін. Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақ болуға шақырады.