Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеуге қатысты заңға қол қойды. Құжат жол қауіпсіздігін күшейтуге, жүргізушілерді даярлау сапасын арттыруға және мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Заңға сәйкес, енді Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді оқытатын ұйымдарға рұқсат беріп, олардың қызметін бақылайды. Қазір Қазақстанда жүргізушілерді даярлаумен 819 ұйым айналысады. Жыл сайын 140 мыңнан аса адам алғаш рет жүргізуші куәлігін алады.
Құжаттағы тағы бір маңызды өзгеріс - электрсамокаттардың тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салу. Бұл шешім жаяу жүргіншілердің, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Айта кетейік, былтыр елде электрсамокаттардың қатысуымен 139 жол апаты тіркеліп, 149 адам жарақат алған.