13 наурызда ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 13 нау. 2026 07:00

13 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында 13 наурызда түнде тұман болады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 13 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 13 наурызда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

13 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

13 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында 13 наурызда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

13 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Ақтөбе қаласында 13 наурызда кей уақыттарда тұман болады.

13 наурызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қаласында 13 наурызда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 13 наурызда таңертең және күндіз қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

13 наурызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында 13 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

13 наурызда түнде Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 13 наурызда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылорда қ: 13 наурызда кей уақытта тұман болады.

Астана қаласында 13 наурызда көктайғақ болады. Таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

13 наурызда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында 13 наурызда тұман болады.

13 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 13 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove