Freedom Inside '26

1200-ден аса заңсыз қару тәркіленді: арасында Қаңтар кезінде ұрланғандары да бар

1200-ден аса заңсыз қару тәркіленді: арасында Қаңтар кезінде ұрланғандары да бар
ІІМ

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 1200-ден аса заңсыз қаруды тәркіледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Биыл бес айда "Қару" және "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шаралары барысында 1200-ден аса қару тәркіленген, оның ішінде:

  • 18 автомат;
  • екі гранатаатқыш;
  • 320-дан аса тапанша;
  • 100-ден аса ойық ұңғылы қару;
  • 700 тегіс ұңғылы мылтық;
  • Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару бар.

"Мамырда Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелмеген бірқатар қару тәркіленді. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік мегаполистегі қару дүкендерінен ұрланған қарулар да анықталды", - деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.