Синоптиктер 12 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
12 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қаласында 12 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады.
12 желтоқсанда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады
12 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қаласында 12 желтоқсанда түнде бұрқасын, көктайғақ болады.
12 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.
12 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
12 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
12 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Қызылорда қ: 12 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады.
12 желтоқсанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел екпіні 15-20 м/с болады.
Астана қаласында 12 желтоқсанда күндіз қар, жаяу бұрқасын болады.
12 желтоқсанда таңертен және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Астана қаласында 12 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын болады.
12 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болады. Кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Тараз қаласында 12 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады. Түнде және таңертең көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Ақтау қаласында 12 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады.
12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Ақтау қаласында 12 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады.
12 желтоқсанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
12 желтоқсанда күндіз Абай облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
