Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын жаумайды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр, қар жауады.
"Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады", - деді синоптиктер.
- Батыста түнде 15-25 градус аяздан 2-12 градус аязға дейін, күндіз 5-15 градус аяздан 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін;
- солтүстікте, солтүстік-батыста түнде 20-31 градус аяздан 15-25 градус аязға дейін, күндіз 15-22 градус аяздан 5-13 градус аязға дейін;
- орталықта түнде 20-31 градус аяздан 12-23 градус аязға дейін, күндіз 10-20 градус аяздан 1-12 градус аязға дейін жылынады.
- Шығыста түнде ауа температурасы 13-23 градус аяздан 25-33 градус аязға дейін төмендейді.
