Ақ бастасын берген кейуана сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін жеткізді.
– Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ Тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін. Сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн. Оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін, – деді қарт анамыз.
Айта кетейік, бүгінгі сайлауға Сарқан ауданы бойынша 28 мыңнан астам сайлаушы өз дауыстарын бермек. Жалпы Алматы облысы бойынша дауыс берушілердің саны 1млн 400 мыңнан асады. Олар үшін 1053 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.