1 маусымнан бастап Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

Кәмшат Тілеухан 25 сәу. 2025 10:57 299

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. "Air Arabia Abu Dhabi" әуе компаниясы Қазақстанға қатынайтын рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комитеттің мәліметінше, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына БАӘ-нің "Air Arabia Abu Dhabi" жаңа әуе компаниясы кіреді.

"Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", делінген хабарламада.


Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар