Тайжан Нығматулинге: "Жаңа парламентте коммунистік партия болмауы керек"

Dalanews 26 там. 2020 16:10 160

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин сарапшылармен жүздесіп, елдегі өзекті мәселелерді талқылады деп хабарлайды Dalanews.kz.




Саясаткер Мұхтар Тайжанның айтуынша кездесу 3,5 сағатқа созылып, мемлекеттің маңызы бар мәселелер төңірегінде тұщымды әңгіме өрбіген.  Саясаткер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Экономика, несиелер, депутаттық корпусті жаңарту туралы, саяси және экономикалық реформа жайлы, әкімдердің сайлауы жайлы, жайылым жерлер туралы, жеке тұлғалардың банкротттығы жайлы егжей -тегжейлі айтылды", – дейді Тайжан.



Сарапшы өз тарапынан келесідей мәселелерді көтерген екен:


  • - жаңа Жер кодексі керек екенін айттым,мораторийдің аяқталуына 1 жыл ғана қалып отыр,
    - депутаттардың тең жартысы мажоритарлық жүйемен сайлану керек,
    - әкімдер сайланатын уақыт келді,
    - жаңа парламентте комунистік партия болмауы керек,
    - экономикалық дағдарсытан қалай шығамыз,
    - әр адам айтқан сөзіне жауапты болуы керек.


Тайжанның атап өткеніндей осы кездесуде Нығматулин әлеуметтік желідегі белсенді азаматтардың жазбаларын қалт жібермей оқып, бақылап отыратынын айтқан.

"Біздің сөзімізді бөлмей түгел мұқият тыңдап отырды. Әңгіме өте ашық және конструктивті өтті. Жаңа саяси маусым қызу болайын деп тұр...", – дейді саясаткер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x