ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді жүруде

Dalanews 18 мау. 2020 08:09 275

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфирде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

Тікелей эфир барысында, Жігер Байділдин Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын агенттік дәйекті түрде іске асырып жатқанын түсіндірді.

2019 жылы Агенттік төрағасы азаматтарды қабылдауды ай сайынғы қабылдаудан аптаға өзгерткен болатын. Бүгінде ШҚО-да аумақтық департамент басшылары, оның ішінде ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы азаматтарды күн сайын қабылдауда. Алыс елді мекендердің тұрғындары бейнеконференция арқылы жүздесу мүмкіндігіне ие болған.

Өңірде азаматтардың өтінішіне дер кезінде жауап беріп,  еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  «Ашық диалог» порталында тұрақты түрде интернет-конференция өтуде. Әрбір өтініш мұқият қаралады және жедел түрде жан-жақты шаралар қабылданады.


– Халықпен кері байланысты қалыптастыру, жүгінген адамдарға кедергісіз қызмет көрсету мақсатында «Antikor ortalyģy» фронт-кеңсесі – ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервистік орталығы ашылды. Сервистік орталықта азаматтарды жедел және кедергісіз қабылдау және кеңес беру, баспасөз конференцияларын өткізу үшін жағдай жасалған. Кез келген азамата аталған орталыққа келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды талқылауға қатыса алады, – деп атап өтті Жігер Байділдин.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x