Бірінші вице-премьер-министр қызметіне экс-депутат, «Қырғызстан» фракциясының бұрынғы басшысы Алмазбек Батырбеков тағайындалды. Жақында ол депутат мандатын тапсырған.
Үкімет аппаратының жетекшісі қызметін Таалайбек Темиралиев атқарады. Ақпараттық технология және байланыс жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы қызметіне Алтынбек Исмаилов тағайындалды. Ол бұрын Жоғары технологиялар паркінің директоры болған. Үкімет құрамында басқа өзгеріс жоқ.
15 маусымда кешке Мұхаммедқали Абылгазиев премьер қызметінен кетті. Бұған радиотолқындардың заңсыз сатылуына қатысты жанжал себеп болған-ды. 16 маусымда президент Сауранбай Жәнібеков Абылғазиевтің қызметтен кетуін мақұлдады.