Семей әуежайына Абай есімі беріледі

Dalanews 09 қар. 2019 11:38 247

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеп.

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада.

Қаладағы № 49 мектеп те ақын атымен аталады.

Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.

Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды. Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Бұдан бөлек Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды.

№ 2 орта мектеп - Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия - Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп - Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x