Алматы әуежайында есірткіге мас болған Air Astana ұшқышы ұсталды

Қаракөз Амантай 25 сәу. 2024 15:30 6369

Алматы әуежайында есірткіге мас болған Air Astana ұшқышы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Аталмыш жағдайға байланысты авиакомпания  түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде таратылған ақпаратқа сәйкес, ішкі рейстердің ұшу аймағында полиция қызметкерлері екінші ұшқышты ұстады. 31 жастағы ер адам мефедронды тұтынған және сақтаған көрінеді.

"Авиакомпанияның ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында ұсталып, есірткіге мас күйінде жолаушы ретінде ұшып кетті", – деп түсіндірді авиакомпания.

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Авиакомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Себебі, ұшу қауіпсіздігі бізде бірінші орында. Авиакомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі", - дейді Air Astana.

Еске салайық, осыған ұқсас оқиға 2016 жылы да орын алған болатын. Аталмыш әуе компанияның ұшқышы Алматы әуежайында есірткімен ұсталып, жұмыстан шығарылған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар