Германияда Орта Азияның жеті азаматына терроризм бойынша айып тағылды

Қаракөз Амантай 25 сәу. 2024 13:57 3834

Германияның федералды прокуратурасы лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікке ілінген Орталық Азиядан шыққан жеті адамды ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оларға "террористік ұйымдар құрды", "радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) қарулы тобын қолдады" деген айып тағылды. Бұл жөнінде мекеме сайтында айтылған.

Ақпаратқа сүйенсек, олар Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда өткен жылы жазда ұсталған. Олардың екеуі Түркіменстан және Қырғызстаннан келген, бесеуі – Тәжікстан азаматы. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, "олар бір-бірін бұрыннан біледі және радикалды діни көзқарас ұстанады".

Қазіргі уақытта ұсынылған айыптау қорытындысында келесі фактілер көрсетілген:

Мекеме мәліметінше, жеті айыпталушы Германияға Украинадан 2022 жылдың көктемінде келген. Елге кіргеннен кейін олар Голландияда бөлек сотталған күдіктімен бірігіп, Германияда және Батыс Еуропаның басқа жерлерінде ИМ рухында атышулы шабуылдар жасау мақсатында лаңкестік ұйым құрады. Бұл топ шетелде жүрген ИМ тобының Ауғанстандағы "Хорасан уәлаяты" тобымен байланыста болған. Жоспарларын жүзеге асыру үшін айыпталушылар әртүрлі құрамда үнемі кездесіп, Германиядағы шабуыл нысандарын қарап, мүмкін болатын қылмыс орындарын анықтаған. Олар сондай-ақ қару-жарақ сатып алуға және шабуылдарға донор табуға тырысқан. Құқық қорғау органдары араласқан кезде нақты шабуыл жоспары болған жоқ.

Олар шабуыл жасаймыз деген ғимараттарды жіті зерттеп келген. Ұсталғандардың ИМ тобының Ауғанстандағы "Хорасан уәлаяты" тобымен байланыста болғаны айтылады.

Бұдан бөлек айыпталушылар 2022 жылдың сәуір айында және 2023 жылдың мамыр айында ИМ үшін бірнеше мыңдаған еуро жинаған деп айтылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар