Бұл жайында облыстық Nur Otan партиясының жиналысында айтылды.
"Партия халыққа берген уәдесін орындауы керек. Сонда ғана сыйлы болады. Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерге сай, 2022 жылға дейін облыста 5 мектеп бой көтереді. Осы арқылы аймақ мектептеріндегі орын тапшылығының алдын аламыз», – деді өңір әкімі, облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов.
Әкімнің айтуынша, аталған бес мектептің үшеуі Семейде салынады.
Сонымен қатар Риддер қаласы және Абай ауданындағы Қарауылда орта білім беретін мекеме қолданысқа беріледі.