ҚНДРА ақыры оның Freedom Finance Bank басқарушы директоры болуына рұқсат беріп отыр. BES Media жазуынша, реттеуші бұған дейін Сәрсекеев кандидатурасын мақұлдамай келген болатын.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Фридом банкіне ерекше майшаммен қарайды. Биыл 1 сәуірде ҚНРДА Freedom Holding негізін қалаушы Тимур Турловтың басшылық лауазымға отыруына рұқсат бермей қойғаны есте.
Фархад Сәрсекеев Казкоммерцбанк пен Демир банкте несие менеджері болып жұмыс істеген. Сондай-ақ АТФ банкінде, Қазақстанның Даму банкінде, Сбербанкте қызмет еткен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.