Өңірде 83 көпқабатты түрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Dalanews 26 қаң. 2018 04:04 211

Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым биыл ОҚО-да 83 көпқабатты түрғын үй күрделі жөндеуден өтетінін мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл  83 көпқабатты түрғын үй күрделі жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылмақ. Сондай-ақ, 9 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық ахуалын нығайту үшін   453,5 млн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда.

– Қазіргі таңда  Оңтүстік Қазақстан облысында 3 518 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1393-і  яғни 39,6 пайызы күрделі жөндеуді, 20-сы сейсмикалық нығайтуды қажет етеді. Облыстағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеудің 2017-2020 жылдарға  арналған кешенді іс-шара жоспарына сәйкес,  2020 жылға қосымша 488 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Бұл бағытқа 6 млрд. 861  млн. теңге бағытталуы тиіс. Нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлердің үлесін 39,6 пайыздан 25,7 пайызға төмендету көзделіп отыр, –  деді Марғұлан Зұлқарнайұлы.

2016 жылы өңіріміздегі  көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы бөлінбеген. Өткен жылы жыл қорытындысымен күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 44,4 пайыздан  42,5 пайызға төмендеп, 19 775 пәтер тұрғындарының тұрмыстық жағдайы жақсарыпты.  Бұдан бөлек, былтырғы  жылы облыстық бюджеттен 723,4 млн. теңге бөлініп, Шымкент қаласының сейсмикалық нығайтуды қажет ететін 7 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Баспасөз мәслихаты барысында басқарма басшысы көпқабатты үйлерді жылумен қамту мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Бүгінде өңірде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 16 жылу беруші кәсіпорын мен 1108  кіші қазандық жұмыс істейді. Жылу құбырларының жалпы ұзындығы 610,1 шақырымды құрайды. Осы бағытта соңғы 3 жылда 5 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлініп, 153 шақырым жылу құбырлары қайта құрылып, тозығы жету деңгейі 51 пайыздан 35 пайызға төмендетіліпті.  Қазіргі кезде облыстың жылу беру барысы штаттық режимде өтуде. Барлық мекемелер қажетті катты және сұйық отынмен  қамтамасыз етілген.

Облыс тұрғындарының көмір отынына сұранысы  1 млн.тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрғындарға қажетті 750 мың, жылыжайларға  250 мың тонна қажет. Бүгінгі күні сұраныстың 85 пайызы қамтамасыз етіліп, көмір тасмалының жұмысы жалғасуда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x