Back
| DalaNews

Алматы облысында полиция бөлімінің басшылары әлеуметтік желіге тіркелді

Алматы облысындағы 20 аудандық полиция бөлімінің бастықтары азаматтарға бір қадам жақындай түсті. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру шеңберінде аудандық полиция бөлімінің әрбір бастығының әлеуметтік желідегі парақшалары іске қосылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта сайын сәрсенбі күні қолданыстағы аккаунттар арқылы аудандық полиция бөлімі бастықтарының онлайн азаматтар қабылдауын өткізуі тәжірибеге енгізілді.

“Халыққа қолжетімділікті, ашықтықты, жеделдікті және тиімді өзара іс-қимылды жария ететін қазіргі заманғы қазақстандық полицияның ең өзекті міндеттерінің бірін іске асыру мақсатында қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің барлық бастықтары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашты, енді менің тапсырмам бойынша әр сәрсенбі күні азаматтармен тікелей желіге шығып, өз аудандарының тұрғындарын онлайн режимде жеке қабылдайтын болады. Менің ойымша, енді облыстың әрбір азаматы бюрократиялық тосқауылдарды айналып өтіп, өз мәселелерімен аудандық, сондай-ақ облыстық полиция бастықтарына тікелей жүгіне алады”, – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.

Ведомствоның баспасөз қызметі полиция қызметкерлерінің қабылдаулары мен онлайн-эфирлері өткізілетін төмендегі сілтемелерді көрсетті:

– Департамент бастығы полиция генерал-майоры Күдебаев Серік Мырзақұлұлы: (https://www.facebook.com/profile.php?id=100055104998524);

– Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Нұрсапа Асқар Серікұлы: (taldykorgan_police) ;

– Қапшағай ҚПБ бастығы полиция майоры Айтмұханбетов Манат Төлегенұлы: (qapshagay_polisia);

– Текелі ҚПБ бастығы полиция подполковнигі Садықов Ұлан Ғабитұлы: (Tekeli_police);

– Алакөл АПБ бастығы полиция подполковнигі Оспанов Қуат Оспанұлы:(alakol_police_05);

– Ақсу АПБ бастығы полиция подполковнигі Байзолда Әділмұрат Әбілғазынұлы: (aksu_police)

– Балқаш АПБ бастығының м. а. полиция подполковнигі Абиров Нұргелді Қарамедиевич: (balhash_police)

– Еңбекшіқазақ АПБ бастығы полиция полковнигі Сейілханов Талғат Айтбекұлы: (enbekshikazah_police);

– Ескелді АПБ бастығы полиция подполковнигі Құдайбергенов Жанат Қуанышұлы: (eskeldi_police);

– Жамбыл АПБ бастығы полиция полковнигі Тегенбаев Асхат Жайықұлы: (police__zhambyl);

– Іле АПБ бастығы полиция полковнигі Күштібаев Марат Әлімқұлұлы: (Ile_police);

– Қарасай АПБ бастығы полиция подполковнигі Тотыбаев Болат Бақытжанұлы: (police_karasay);

– Қаратал АПБ бастығы полиция подполковнигі Абдраимов Рауан Әбдімәжитұлы: (karatal_police)

– Кербұлақ АПБ бастығы полиция подполковнигі Ахметкалиев Ербол Айтқалиұлы: (police_kerbulaq);

– Көксу АПБ бастығы полиция подполковнигі Гимадиев Рамиль Райфович: (koksu_police);

– Панфилов АПБ бастығы полиция майоры Омаров Айдар Әбдікермұлы: (panfilovski_rop_102);

– Сарқан АПБ бастығы Самбеталинов Елтай Сәбитұлы: (sarkan_police)

– Кеген АПБ бастығы полиция подполковнигі Уркінбаев Ерлік Стамшалұлы: (рolice_kegen);

– Талғар АПБ бастығы полиция полковнигі Қасым Ерлан Мырзаханұлы: (talgar_police);

– Ұйғыр АПБ бастығы полиция полковнигі Сабуров Шыңғысхан Абдрахманұлы: (uigurskii_rop);

– Райымбек АПБ бастығы полиция полковнигі Нұрдәулетов Мұрат Нұрғаипұлы: ( raiymbek.polisia).

“Осылайша, біз халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, елеулі өзгертуді көздейтін жұмыстың жаңа моделіне жоспарлы түрде көшудеміз”, – деп толықтырды Күдебаев.