“Самұрық-Қазына” қорының еншілесі шығынға батқан гольф-клубқа жарты миллиардқа жуық теңге құйды

Қаракөз Амантай 11 шіл. 2025 17:52

QazaqGaz Бурабайдағы гольф-клубты басқаратын “ҚазМұнайГаз-Сервис NS” компаниясын қосымша 488 миллион теңгеге қаржыландырды. Бұл компанияның екі жыл қатарынан шығынмен жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан жүзеге асқан, деп хабарлайды Dalanews.kz Курсив медиаға сілтеме жасап. 

2024 жылы компания 444 миллион теңге шығынмен жылды аяқтаса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 565 миллион болған. Ал өткен жылдың соңында жиналған жалпы шығын көлемі 38,6 миллиард теңгеге жеткен.

Аталған гольф-клубты 2017 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан. Нысан құрамына 18 шұңқырлы гольф алаңы, қонақүй, SPA және клуб-хаус кіреді. Жоба 19,4 миллиард теңгеге салынған.

Қазіргі таңда QazaqGaz бұл активті сатуға тырысып жатыр. Алайда клубты сату жөніндегі сауда 6 рет сәтсіз аяқталған. «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» компаниясының жалғыз акционері — QazaqGaz, ал QazaqGaz 100% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар