Back
| DalaNews

Білім күні – Арыстағы барлық мектепте алғашқы қоңырау соғылды

1 қыркүйек – Білім күніне орай, Арыс қаласындағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар оқу ұяларына кірді.

| DalaNewsШаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты. Бүгін Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сынып табалдырығын аттаса, Түркістан облысы көлемінде 1 сыныпқа 56 506 балдырған барды. Облыста жалпы саны 488 520 оқушы мектепте білім алады . Айта кетерлігі, облыста 1 қыркүйекте жаңадан 7 мектеп ашылса, жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі.

Айта кетерлігі, Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен “Самұрық – Қазына” ҰӘҚ ” АҚ айналысуда. Өңірдегі 16 орта мектепті 100 пайыз қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді.Бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілген. Қайта қалпына келтірілген қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылатын болады.

| DalaNews

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі