Талдықорғанда жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда

Dalanews 16 қыр. 2020 10:45 260

Жаңа ауруханада 8 бөлімшеден, операциялық және перзентханадан тұрады. Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек орын жоспарлануда. Нысанның жалпы аумағы – 7 мың шаршы метрді құрайды. Аурухана барлық қажетті диагностикалық және зертханалық жабдықтармен жабдықталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, мұнда пациенттердің денсаулық жағдайына тәулік бойы бейнемониторинг бақылайтын «ақылды аурухана» жүйесі енгізілетінін айта кетуіміз керек. Қазір медициналық қызметкерлер штаты жасақталуда.

Мамандар жұмыспен қамту орталығының желісі бойынша да тартылатын болады. Бұдан басқа медициналық жоғары оқу орындарымен кадрлармен қамтамасыз ету туралы уағдаластық жасалған. Нысан қазан айында тапсыру жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x