Мәдениет министрі: "Жаманқұлов қылмыстық жауапкершіліктен жалтарғысы келіп жүр"

Dalanews 08 қар. 2016 09:24 234

Бұдан бұрын Тұңғышбай Жаманқұловтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған видеоүндеуін жариялаған едік. Үндеуде Жаманқұлов Мәдениет министрін өзіне қысым жасап жатыр деп айыптаған болатын. Алайда бұған Арыстанбек Мұхамедиұлының берер жауабы әзір болып шықты.

Министрдің видеоүндеуге қатысты жауабын Tengrinews.kz жариялапты. Сонымен Мұхамедиұлы не дейді? 

"Видеоүндеудің уақытына назар аудару керек. Бұл қай кезде болған. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін түрлі әдістерді қолданады. Елестетіп көріңіздер, жыл бойында осындай үндеулермен, бопсалаумен ресейлік компанияға 450 миллион теңге шығарғысы келді, ал бұл сол уақытта үш миллион доллар еді. Енді өздеріңіз шешім жасай беріңіздер, өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, қандай қысымға төтеп беруім керек екенін көрдіңіздер. Мұның барлығы ақшаны сыртқа шығару үшін жасалған", - дейді министр.

 
Бас беттегі сурет total.kz сайтынан алынды

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x