Ильхам Әлиев: «Таулы Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алдық»

Dalanews 16 қаз. 2020 10:02 233

Әзірбайжанның президенті Ильхам Әлиев түріктің NTV каналына берген сұхбатында әскері қыркүйек айының соңынан бері Таулы Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алғанын алға тартты.

Әзірбайжан президенті армян-әзірбайжан қақтығысын Түркия шешуі мүмкін. Бірақ Баку мен Анкара Әзірбайжан аумағынан түріктің әскери базасын құру жөнінде ешқашан келіссөз жүргізбеген. France 24 каналына берген сұхбатында Әлиев Түркия әскери қақтығысқа қатысып жатқан жоқ деп атап өтті.

Ал Таулы Қарабақ өкілі Степанакертта Әзірбайжан тарапы тағы да әскери соққы бергенін айтуда. Сондай-ақ олар Бакудың бейбіт тұрғындарға оқ атты деген мәлімдемесін теріске шығарды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Армения мен Әзірбайжан шиеленісті бірінші болып бастады деп айыптайды.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Кеңес дәуірінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналған. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзірбайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындаған жоқ. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзірбайжан жері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x