Вице-министрдің жастарға айтқан ақылы

Dalanews 07 қар. 2017 02:33 295

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстан жастарына еңбек етуге ерте кірісіп, зейнетақы жарнасын аударып отыруға кеңес берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Неғұрлым көбірек еңбек еткен адам сәйкесінше, көбірек зейнетақы алады. Бұл қазіргі жастардың ұранына айналуы тиіс. Себебі, жастар қазірден бастап жұмыс істемесе, қазірден бастап зейнеттік жарна салмаса, жинақтық зейнетақы қоры жүйесіне қатыспаса, ертеңгі күні оларды қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Себебі, базалық зейнетақы деңгейінде де бұдан былай еңбек өтілі есепке алынады, – деді Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап, елдегі орташа зейнетақы көлемі шамамен 71 мың теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы 33 мың теңге болмақ. "Ал ең көп зейнетақы туралы сұраққа жауап бермеуге тырысамын. Кейбір қарттар ең жоғары зейнетақы мөлшерін өз зейнетақысымен салыстырады және ең жоғары зейнетақыны талап етеді. Тағы қайталап өтейін, ұзағырақ жұмыс істеген адам еңбегіне сай, молырақ зейнетақыға ие болады", – дейді С.Жақыпова.   Министр орынбасары атап өткендей, елдегі ең төменгі және жоғары зейнетақы алатындар саны электроны үкімет сайтында ашық көрсетілген.

 

 

https://dalanews.kz/31849

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x