Зейнетақы қорындағы ақшаға кәріз жүйесі салынбақ па?

Сағыныш Сардарова 16 февр. 2024 10:45 3104

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин 89 қаланың ішінде 69 қалада кәріз тазарту құрылыстарын салу, қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінгі таңда 8 қаладағы жоба республикалық бюджеттен, яғни жалпы сомасы 20 миллиард теңгеге қаржыландырылған. Ал қалған 61 кәріз тазарту жүйесіне 878 миллиард теңге қажет екен. Бұл бірнеше мақсатта жүзеге асырылмақ.

Соның ішінде 24 жобаны Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражаты есебінен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі арқылы жалпы сомасы 316 миллиард іске асыру жоспарланып отыр екен.

Бұған дейін жылу электр орталығы да зейнетақы қорынан бөлінген қаржыға салынады деген шу шықты. Артынша ресейліктер салатын үш ЖЭО-ға ақша зейнетақы қорынан бөлінбейтіні белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр брифинг барысында айтты.

Склярдың сөзінше, ЖЭО құрылысына қаржы шетелдік инвесторлардың есебінен бөлінеді.

"Ол жерде (ЖЭО-да) зейнетақы қорының қаржысы қолданылмайды. Шетелдік инвесторлардың қаражаты пайдаланылады және олар табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады. Келісімге "Интер-РАУ" компаниясы мен осы станцияларды бірлесіп салатын "Самұрық-Энерго" компаниясы қол қойды. Бірақ инвестиция "Бәйтерек" холдингінің қаржысынан түспейді. Мен мұны баса айта аламын", - деген еді Скляр.  


Рекомендовать
Последние новости