Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жұбайы көз жұмды

Қаракөз Амантай 22 нояб. 2024 10:04 648

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаралы хабарды қызы Құралай Нұрқаділова  Instagram парақшасында мәлімдеді.

“Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға көз жұмды. Ол – Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында серігі болған әйел. Саясатта білімді, сауатты әрі ақылды Нұрбике Ілімбайқызы. Ол өте қарапайым және парасатты жан еді. Ол туралы көп нәрсе айтуға болады.

Анам Совет Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсе айта алатын еді. Көптеген жас саясаткер оның қолдауының арқасында қанат жайды. Ол барлық тарихи оқиғаны жақсы білетін және оларды өте қызық жеткізе алатын. Менің анамның даналығына оны танитын әрбір адам тәнті болатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!”– деп жазды Құралай Нұрқаділова.


Рекомендовать
Последние новости