Иттер талап тастаған баланың жағдайы айтылды

Сағыныш Сардарова 02 июл. 2025 14:46

Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттердің шабуылынан зардап шеккен баланың жағдайына қатысты дәрігерлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"1 шілдеде баланың жағдайы тұрақталған соң Қарасай аудандық орталық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр", – деді басқарманың баспасөз қызметі өкілі.

Бала есін біледі. Қазіргі таңда онымен және анасымен клиникалық психолог жұмыс жүргізіп жатыр.

Дәрігерлер жарақаттың нақты сипатын ашып айтпағанымен, әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сәйкес, баланың беті, көзі мен жамбасы қатты зақымданған. Жергілікті тұрғындар иттер оның құлағын да жұлып алғанын айтады. Алдағы уақытта балаға бірнеше қалпына келтіру отасы мен ұзақ оңалту кезеңі қажет болуы мүмкін.

Еске салайық, Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты ауылда 10 жастағы баланы екі қабаған ит талап, ауыр жарақаттады. Оқиға 30 мамырда болған.

Оқиғаның басты куәгері әрі баланы құтқарып қалған ауыл тұрғыны, зейнеткер Серікбек Сақайбековтың айтуынша, сол күні көлігімен жолаушы әйелді үйіне жеткізу үшін бара жатқанда, бір топ баланың шулап, жан-жаққа қаша жөнелгенін көрген. 

Қазір 10 жастағы бала Қарасай аудандық орталық ауруханасында ауыр жарақатпен ем алып жатыр.

Баланың анасы Екатерина Бурмистрованың айтуынша, ұлының жағдайы өте қиын.


Рекомендовать
Последние новости