Инновациялық күн батареясы

Dalanews 20 февр. 2015 10:08 1258

Қазақ-Британ техникалық университетінің химик ғалымдары күн батареясының жаңа түрін дайындауда. Жаңа батарея иілігіштік қабілетке ие. ҚБТУ-дың Химиялық инженерия білім беру орталығының жетекшісі, химия ғылымдарының докторы Ринат Ысқақов жаңа батареяны дайындауда полимерді қолданғандарын алға тартты.  

Отандық ғалымдар пленкалық элоктролиттің бетінде кремнийді полимер композитімен біріктіріп жаңа инновациялық батарея жасау үстінде. Өз кезегінде Р.Ысқақбаев: «Біздің басты мақсатымыз жұмсақ, жұқа күн сәулесінен қажетті қуат жинақтайтын материал алу болып табылады. Жаңа материалды көліктердің төбесіне орнатып, қосымша қуат алуға болады. Тіпті, қол сөмкелердің сыртын осы материалмен қаптап, ұялы телефондар мен планшеттерді күн көзінен алынған қуатпен қуаттандыруға болады», – деп мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Ғалым жаңа күн батареясының өндірістік нұсқасы бір жарым жылда дайын болатынын алға тартты. йтты. Осы ретте, қазақ ғалымдарының дайындаған күн батареясы кәдуілгі күн сәулесінен қуат көзін жинақтайтын тақтайшалардан 2,5 есе арзан, 5 есе жеңіл екенін айта кетуіміз керек.

Рекомендовать
Последние новости