Мұхитта миллиондаған тонна қоқыс қалқып жүр

Dalanews 20 февр. 2015 10:10 1620

Science журналы мұхитқа жыл сайын миллиондаған тонна пластик қалдықтар тасталынатынын анықтады. Ғалымдар 2010 жылдан бері көк теңіздің жағалауында тұратын елдер оған 12 млн. тонна қоқыс тастағанын анықтаған. Оның басым бөлігі пластик бұйымдар.  

Дәл осындай зерттеу 1945 жылы жүргізілген еді. Сол кезде ғалымдар әлемдік мұхитта дүниежүзінде өндірілген пластмассаның 0,1 пайызы қалқып жүргенін айтып, дабыл қаққан еді. Ал қазір оның көлемі жүз есеге өскен. Зерттеушілер жағалауды мекен еткен 192 елдің азаматтары мұхитқа лақтырған пластмасса бұйымдары дүниежүзінде өндірілген пластмассаның 4,5 пайызын құрағанын алға тартты. Бүгінде мұхитқа түрлі қоқыс тастаудан Қытай мен Индонезия топ бастап келеді. Ғалымдар суға салса батпайтын пластмасса бұйымдардың теңіз флорасына айтарлықтай зиянын тигізіп жатқанын айтуда. Егер әлем халқы теңізге қоқыс лақтыруын қоймаса үлкен экологиялық мәселемен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Сондықтан қазірден бастап ойланған жөн. Қоқысты лақтырмай тұрып...

Рекомендовать
Последние новости