Қазақ ғылымының әлеуеті қандай?

Dalanews 20 февр. 2015 10:03 1317

Кез келген елдің ғылыми әлеуетті бағамдауда сапалы құрамға ие ғылыми мекемелер, жоғарғы оқу орындар, ғылым мен білім беру саласымен жүйелі түрде айналысатын жетекші ұйымдар және білікті ғылыми кадрлардың, сырт елдерден ғалымдар тарту ісінің реттілігі және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін инфрақұрылымдардың (ұжымдық пайдалануға арналған ұлттық зертханаларға, ғылыми-зерттеу институттары) маңызы зор.

 

Жастар ғылымға бет бұрды

Қазақстанда бір миллион адамға шаққанда 1392 адамға тең келеді

Ғылыми-техникалық әлеуеттің ресурстық өзегінде «зерттемелер мен өндіріс» жататыны сөзсіз. Бұл ретте іргелі және қолданбалы ғылым басшылыққа алып, тәжірибелік-конструкторлық зерттемелер мен ғылыми-техникалық өнімді өндірістің түрлі саласына енгізудің мәні зор. Ал ғылыми-техникалық әлеуеттің негізгі қозғаушы күші – білікті маман. Өз ісін жетік білетін мамансыз дамыған ғылыми әлеуетті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сондықтан еліміздегі ғылыми-техникалық саласында білікті мамандар негізгі әлеуетті күш болып саналады. 1991-2013 жылдар аралағында ғылым саласын қаржыландырудың деңгейі тиісті деңгейде болмағандықтан ғылыми зерттемелерді іске асыратын ғалымдардың саны 1,7 есеге (40,9 мың адамнан 23,7 адамға) төмендеді. Осылайша қазақ ғылым үлкен сынақты бастан өткерді.

Жалпы алғанда 2000 жылдар мен 2013 жылдар аралығында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен (ҒЗТКЖ) айналысқан қызметкерлердің саны 8,9 мың адамға артып, 60,6%-ды құраса, дәл осы кезеңде зерттеуші-мамандардың саны 8,2 мың адамға ұлғайып, 90,9%-ға жеткенін байқаймыз. Ал техникалық қызметкерлердің үлесі 0,5 мың адамға көбейіп, 12,0%-ға артқан. Бүгінде Қазақстандағы ҒЗТКЖ жұмыспен айналысушыларды 1 миллион адамға шаққанда 1392 адамға тең келеді. Бұл басқа елдермен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Айталық, 1 миллион адамға шаққанда ҒЗТКЖ айналысатын мамандардың саны Финляндияда 7832, Исландияда 6807, Швецияда 5416, Жапонияда 5287, АҚШ-та 4605, Норвегияда 4587, Австралияда 3759, Канадада 3597, Францияда 3213 адамды құрайды. Бүгінде еліміздегі ҒЗТКЖ жұмыспен айналысатын қызметкерлердің 49,9%-ы жоғарғы кәсіби білім беру саласында, 23,3%-ы мемлекеттік секторда, 21,1%-ы кәсіпкерлік және 5,6%-ы коммерциялық емес салаларда жұмыс істейді. Дамыған елдердің іс-тәжірибесіне назар аударатын болсақ, ғылыми ортаны дамытуда мемлекеттің қолдауының маңызы зор екені бірден байқалады. Сондықтан ғылым саласындағы мемлекеттік сектордың маңы зор. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдауына сүйеніп ҒЗТКЖ айналысатын мекемелердің саны 78 жеткен.
Бүгінде Қазақстандағы ҒЗТКЖ жұмыспен айналысушыларды 1 миллион адамға шаққанда 1392 адамға тең келеді. Бұл басқа елдермен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Айталық, 1 миллион адамға шаққанда ҒЗТКЖ айналысатын мамандардың саны Финляндияда 7832, Исландияда 6807, Швецияда 5416, Жапонияда 5287, АҚШ-та 4605, Норвегияда 4587, Австралияда 3759, Канадада 3597, Францияда 3213 адамды құрайды.

Қазіргі таңда көпшілігіміз қазақ ғылымы қартайып бара жатыр деп жиі айтамыз. Бірақ соңғы уақыттары жастардың ғылымға деген қызығушылығы артқанын байқауға болады. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ ҒЗТКЖ айналысушылардың жас ерекшелігін сарапқа салынғанда 35 жастағы ғалымдардың саны 36,2%-ға жеткенін анықтаған. Осы бір мәліметтен-ақ жастардың ғылымға бет бұра бастағанын аңғарамаз. Ал 65 жастан асқан ҒЗТКЖ айналысушылардың үлесі – 8,1%-ды құраған. Тағы бір қызықты мәлімет. 2013 жылы еліміз бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысушылардың арасында әйелдердің үлесі 51,7%-ды құрап, еліміздің ғылым саласында гендерлік теңдік сақталған.

 

PhD докторлар тапшы

Ғылыми кадрлар даярлау және оларды тиімді пайдалану дамыған елдерде де  өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстары заманауи салаларға негізделгендіктен дипломнан кейін ғылыммен айналысу ісінің талабы зор болып тұр. Шетелдерде ғылыми кадрлардың білімін өз саласында ғана емес, өзге ғылым салаларында пайдалануы айтарлықтай өсіп келеді. Осы жайтты есепке ала отырып докторантура бітірген мамандардың басқа саланы таңдауы қателік деп қабылдау орынсыз. Қайта керісінше кәсіби тұрғыдан білімін жетілдіріп, «бір мамандық – мансаптар жиынтығы» қағидасын қалыптастырудың алығышарты деп қарастырған жөн.
2009-2013 жылдары 1500 PhD докторы дайындалады деп жоспарланғанымен, іс жүзінде олардың саны 587 болған, яғни жоспарланғаннан 2,5 есе аз. 2013 жылдың 22 тамызындағы БҒМ алқа жиналысында еліміздегі ЖОО бітірген 914 докторанттың 211-і (23,1%) ғана диссертациялық жұмысын қорғаған, тек 189-ы (20,7%) бекітілген, бұл докторантура жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Қазіргі таңда еліміздегі ғылыми кадрлар әлеуетінің баяу өсіміне докторлық қорғайтын ғалымдардың санының аздығынан ғана емес, олардың ғылым саласынан алыстап кетуі де  әсерін етуде. Соңғы уақыттары Қазақстанда ғалымдардың докторлық PhD диссертацияларды қорғау деңгейі өте төмен болғаны жасырын емес. 2013 жылы 2006-2008 жылдардағы деңгейге (249-227 доктор) тең болып тұр. Білім және ғылым министрлігі 2011-2013 жыларды жыл сайын PhD дессертацияларды қорғайтын докторлардың санын 500 дейін арттыруды жоспарлаған еді. Бірақ PhD доктор атанған ғалымдардың саны әлі де төмен. 2013 жылдың соңына қарай PhD дәрежесін иемденушілердің саны 686 докторды құраған. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 223 доктор, яғни 32,5% адам ғылыммен шұғылданған, атап айтқанда 6 жыл ішінде біліктілігі жоғары кадр дайындаудың жаңа жүйесінің жұмысқа араласуы немесе жалпы PhD докторы дәрежесін алған мамандардың үштен екі бөлігі ғылымнан тыс салаларда жұмыс істеген.

2009-2013 жылдары 1500 PhD докторы дайындалады деп жоспарланғанымен, іс жүзінде олардың саны 587 болған, яғни жоспарланғаннан 2,5 есе аз. 2013 жылдың 22 тамызындағы БҒМ алқа жиналысында еліміздегі ЖОО бітірген 914 докторанттың 211-і (23,1%) ғана диссертациялық жұмысын қорғаған, тек 189-ы (20,7%) бекітілген, бұл докторантура жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Жағдайдың бұлайша құлдырауына докторантардың зерттеу жұмыстарын басқарудағы менеджменттің әлсізсігі,  іс-сапарлар мерзімінің қысқа болуы, қазақстандық жоғары оқу орындарындағы көптеген докторанттар білімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінімен байланыстыруға болады.

Осы мәліметтердің барлығы PhD докторантурасы шеңберіндегі дайындалып жатқан жоғары білікті кадрлардың сапасын көлеңке түсіретіні анық. Алдыңғы жүйемен салыстырғандағы (жыл сайын 1500-ға жуық) дайындалып жатқан жоғары білікті кадрлар санының біршама қысқаруы, ғылым мен экономика дамуының басым бағыттарын білікті кадрмен қамтамасыз етуде алдағы жылдары докторлардың жетіспеушілігі туындауы мүмкін.  Қазіргі таңда  медицина саласы бойынша ЖОО PhD докторларын дайындау ісі қажеттілігі 10-12%-ға жуықтап қалған. Осыдан-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді бағытта жүргізудің кезі келгенін аңғарамыз.

Нұрлан ЖҰМАҚАНОВ, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі. 

Рекомендовать
Последние новости