Индустриаландыру картасы Қарағанды облысының машина жасау саласын өркендетті

Dalanews 23 окт. 2022 17:14 1077

Қарағанды облысында Индустриаландыру картасына енген жүзге таяу жобалар бүгінде іске асып, өңірдің өндіріс өркендегін аймақ ретінде танымалдығын арттыра түсті. Осыған дейін облыс экономикасының негiзiн кен өндірісі құрап келген еді. Аймақта өнідірілетін қосымша құнының 50 пайыздан астамы аталған сала есебiнен құралған-ды. Жедел қолға алынған Индустриаландыру бағдарламасы өңірдің тынысын ашып, дамуына серпін берді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынған күннен бері жергілікті билік орындары мен кәсіпорындар шикiзатты өңдеп, жоғары бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығарудың озық әдiстер мен технологияларын енгізіп, заманауи индустриялық жүйе қалыптастыруға күш салынды.

Қарағанды облысында дәстүрлі салалармен қатар машина жасау, металл өңдеу, химия және фармацевтика өнеркәсiбi, металл емес құрылыс материалдарын шығару ісіне де айрықша көңіл бөлді.

Сонымен қатар Индустриаландыру картасын жүзеге асыруда Қарағанды облысына тән көмір өнеркәсiбi, қара және түсті металлургия, кен өндіру, металл өңдеу салаларына да ұмыт қалған жоқ. Қайта бұл салалар жаңғырып, жаңаша түледі десек болады.

Қарағанды облысында жоғарыда аталған базалық өнеркәсіп салаларын дамыту Тұжырымдамасы дайындалып, Индустриаландыру картасына жүзеге асыруға облыс ерекше қарқынмен кіріскен болатын. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылдың өзiнде, аймақтың iшкi өнiмнiң өсім 32 пайызға, ал базалық салалардағы еңбек өнімділігі 111 пайызға артқаны байқалды.

Сондай-ақ, Индустриаландыру картасының аясына өңірдегі кәсiпорындардың импорттық үлесiн 55 пайыздан 35 пайызға, облыстың энергия шығынын 10 пайызға төмендетсе, инновациялық экономиканың үлесі 6 дан 10 пайызға дейiн артты. Индустриаландыру картасы арқылы 104 индустриалды жобаларды жүзеге аса бастады.

Осы ретте өңірдегі базалық салаларды дамыту Тұжырымдамасы бизнес құрылым өкiлдерiмен және даму институттарымен бірлесе жасалғанын айта кетуіміз керек. Осының нәтижесiнде инвестициялық жобаларды дамыту мен облыс инфрақұрылымын жақсарту және ресурстық әлеуетін арттыруға бағытталған байланыстың жандануын қамтамасыз еттi.


Айталық, Тұжырымдама шеңберiнде машина жасау бойынша мастер-жоспар жасалынғанын айтуға болады. Өнеркәсiптiң осы саласын қайта қалпына келтіру, оның өнiмдер үлесiн технологиялық негiзде жаңарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру маңызды міндетке айналды.

2015 жылдың өзінде қолға алынған жұмыстардың арқасында машина жасау саласы бойынша қосымша құнның деңгейі 78 пайызға көбейді. Машина жасау саласында жұмыс істейтін әрбір адам үшiн еңбек өнiмдiлiгi 59 пайызға жоғарлады.

Мастер-жоспарды нақты жүзеге асыру үшiн өңiрдегi машина жасау зауыттары, аймақтық ғылыми мекемелер мен Қарағанды машина жасау консорциумы бiрiктiрiлдi.

Польша машина жасау саласының өкілі «Глиник» фирмасымен бiрiгiп «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының көмір шахталар үшiн модернизацияланған крептер шығаруды жолға қойғанын да айта кетуіміз керек. Аталған жабдықтарды өндіруде Қарағанды машина жасау зауыттарының қатысу үлесі 50 пайыздан кем болмады. Бірлескен машина жасау зауыты кен-шахталық және металлургиялық құрал-жабдықтарды дайындау және жөндеу, машина жасау өндiрiсiнiң толық циклін құрды.

Қарағанды машина жасау консорциумы көтеру көлік құралдарын, оның ішіңде жүк лифтілерін, энергетикалық және көліктік құрал-жабдықтарды, сондай-ақ балама жылу беру агрегаттарды шығара бастады.

Болашаққа бағытталған жобалар осылайша еліміздегі халық тұтынатын өнімдердің көлемін ұлғайта түсті. Осылайша Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы Қарағаныды облысы экономикасының тынысын ашып, жаңа кезеңге аяқ басуына ықпал етті.

Қуаныш СМАҒҰЛ

Рекомендовать
Последние новости