Индустриаландыру картасы – елімізде инновациялық қызметті қалыптастырды

Dalanews 27 нояб. 2022 12:59 820

Елімізде Индустриаландыру картасының жүзеге асып жатқанына көп уақыттың жүзі болды. Бұл – мемлекеттік бағдарлама ел экономикасын кешінді дамытуды көздейтін маңызды жоба десек болады. Сондықтан Үкімет оны ұзақ уақытқа жоспарлағаны белгілі. Қазіргі таңда дамыған елдері ғылыми-техникалық сала мен инновациялық қызметті дамытуға баса мән беріліп келеді.

Бүгінде түтіні будақтаған үлкен зауаттар келмеске кеткені анық. Қазір инновациялық қызметтің арқасында өндіріс орындары мейлінше ықшамдалып, мейлінше технологиялық сипат алғанын атап айтуымыз керек.

Қазір Қазақстан да өзінің ғылыми-техникалық әлеуетіне арқа сүйеп, инновациялық экономика құруға күш жұмысап келеді. Осы тұрғыдан алғанда Индустриаландыру картасы еліміздегі ғылыми-техникалық саланы кенже қалдырмай дамытып отыр.

Осы ретте Индустриаландыру картасы аясында бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүзеге асып жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Ендігі кезекті осыған аз-кем жауап бере кетсек.

Елімізде Индустриаландыру картасы аясында жаңа кәсіпорындар ғана құрылмағаны анық. Сонымен бірге ел аумағында мемлекеттік инновациялық қызметті өркендету үшін салалық, өңірлік деңгейде технопарктер, бизнес-инкубаторлар, аймақтық инновациялық қорлар және венчурлік кәсіпорындар да пайда болғанын білеміз.


Бұдан елімізде индустариалды экономиканың инновациялық қыры айқындалып, алғашқы қарлығаштары пайда болғанын аңғаруға болады.

Мамандардың ой-пікіріне құлақ асатын болсақ, қазір елімізде құрылған технопарктер ұлттық инновациялық жүйенің өзегіне айналуда.

Әңгіме басында қазір өндіріс орындарының мейлінше ықшамдалғанын айттық. Кеңес заманында өндіріс орыны десе, буы бұрқыраған қазандықтар мен түтіні будақтаған алып мұржалар көз алдымызға елестейтіні белгілі. Кейбір адамдар әлі күнге дейін өндірісті осылай елестететін жасырын емес.

Қазіргі дамыған заманда шағын ғана технопарктерде бірқанша өнім өндіруге болады. Айталық, қазір елімізде Индустриаландыру картасы аясында бой көтерген технопарктер түрлі стартап жобалар жүзеге асып жатыр.

Иә, мұндай шағын бизнес жобалар тұтастай экономикаға ықпал етіп, мыңдаған адамды жұмыспен қамтымасы анық. Бірақ біздер индустриалды парктердегі шағын бизнес жобаларды көбейте беруіміз керек.

Дәл қазір біздер инновациялық қызметке қатысты өзіміздің көзқарасымызды кеңейтуіміз керек. Ол үшін біздер қазіргі заманның стартап және бизнес жобаларының маңызын түсін алғанымыз жөн.

Бүгінгі замандағы бизнес жобалар олар – ықшам, кез келген ортаға тез бейімделгіш болып келеді. Сонымен қатар ұдайы қолайлы ортаны іздейтінін де ұмытпауымыз керек. Заманауи бизнес жобалар Қарағанды металургия комбинаты сияқты алпауыт кәсіпорын емес. Олар өз қызметіне жүргізу үшін шағын жер мен инфрақұрылым болса жеткілікті.


Ең бастысы бизнес жобалар үшін инвестициялық тартымдылық. Оған мемлекеттің жасап отырған салықтық жеңілдіктері, логистикалық ілкімділікті және тұтынушы мен кәсіби білікті мамандар шоғырын жатқызуға болады.

Біздің Үкімет осы жайттардың басшылыққа алып, еліміздің әр облысында Индустриалды технопарктер құрып, оларға мейлінше жағдай жасап келеді. Сонымен қатар олардың қаржы ресурастарына қолжетімділігін арттыру мақсатында аймақтық инновациялық және венчурлік қорлардың жұмысы жандандыруға күш салуда.

Қазір ел аумағындағы технопарктер екіге бөлінеді. Олар ұлттық және аймақтық технопарктер деп екі топқа бөлінеді. Айталық, ұлттық технопарктердің басты ерекшілегі олардың айналысатын мәселелері салааралық бағытты құрайды. Арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін мұндай технопарктер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын айта кетуіміз керек. Еліміздегі технопарктерде ұзын саны 40-тан астам бизнес-инкубаторлар жұмыс істеуде.

Аталған бизнес-инкубаторлар еліміздің барлық аймағында бар. Олар креативті ойлайтын азаматтардың маңызды жобаларын жинақтап, еліміздің инновациялық қызметін қалыптастырып отыр.


Осы жайттарды ескерсек, елімізде қолға алынған Индустраландыру картасы тиісті деңгейде жүзеге асып отырғанын байқаймыз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, өндірістік тізбекті қуаттандырып, экономиканы дамытуға бағыттаудың маңызы зор.

Нұрлан ЖҰМАХАН 

Рекомендовать
Последние новости