«Ресейлік телеарна көрмек түгіл біз оларға ақша төлейміз. Яғни біз «У-ды» өзіміз сатып аламыз. Ең алдымен төлем мәселесін шешу керекпіз. Мысалы, кабельдік операторға айына 5 мың теңге төлейсіз. Олар соның 3 мың Ресейге беруі тиіс. Ең алдымен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
Алдағы уақытта шетелдік арналарға ақша төлеуді тоқтатамыз. Ал отандық арналар керсінше Alma TV сияқты кабельдік операторларға өздері төлейді.
Жыл соңына дейін осының шешуіміз керек», - дейді Қанат Ысқақов әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында.
Вице-министр осы арқылы отандық ақпарат кеңістігін ресейдің агрессивті пропагандасынан тазалау жұмысы басталады дегенді аңғартқандай болды.
Бұған дейін, депутат Мақсат Толықбай ресейлік арналарға шектеу қою керектігін айтқан болатын.
https://dalanews.kz/del-qazir/92661-sharualar-dabyl-qaguda-kiikter-38-myng-ge