VIP мола кімге керек?

Dalanews 19 мая 2016 02:02 819

Астанадағы пантеонның құрылысына 240 миллион доллар шығындау қаншалықты қисынды?

Париждегі пантеонда кімдер жерленгенін білесіз бе? Мен айтайын: Вольтер, Жан-Жак Руссо, Александр Дюма, Виктор Гюго, Эмиль Золя...

Бұлар Францияның атын әлемге танытқан тұлғалар. Дәл осы тұлғалардың арқасында бүгінгі Франция әлемдік туризмнің орталығына айналып отыр. Францияның қазіргі келбетін қалыптастырған, оның тарихы мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін әлемге танытқан, демократия мен теңдікті ту еткен дәл осы тұлғалар.

Айта кетерлігі, Париждегі пантеоның құрылысы өте ұзақ жүрді. Себебі, мемлекет оның құрылысына ақша бөлген жоқ. Бұл Франция билігі үшін тым артық еді. Құрылыс жұмыстарына жеке меценаттардың қаржысы тартылды.

Ал Астанадағы пантеон...Жарайды, сала беріңіздер. Бірақ, мұншалықты көсілудің, мұншалықты қаржы шығындаудың қажеті қанша?

Тіпті, атақты Маграрет Тэтчердің өзі қарапайым зиратта жерленген. Алайда оның мұрасы, ол қалыптастырып кеткен экономикалық үлгі әлі күнге дейін өмір сүріп келеді.

Демек, адам көзі тірісінде жасап кеткен ұлы істерімен есте қалады деген сөз. Адамды көзі тірісінде қадірлеу қажет...

Тимур Чигиров,


автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды


Рекомендовать
Последние новости