2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың кабинасындағы борттық жазба құрылғысындағы деректер алынды. Онда ұшқыштардың сөздері жазылған, деп жазады Dalanews.kz.
Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі азаматтық авиация департаментінің директоры Чжу Чжон Ванның айтуынша, қазір мамандар "қара жәшіктен" алынған деректерді дыбыстық файлдарға топтастыруда, деп жазады The Hankyoreh.
"Ұшқыштар кабинасында айтылған сөздер жазылған аудио тіркеу құрылғысындағы деректер алынып болды. Бүгін оларды дыбыстық файлдарға топтастыру жұмыстары басталды", - деді ол.
Чжу Чжон Ван бұл жұмысты мүмкіндігінше тез жүргізуге тырысатындарын айтты.
Ұшу деректерінің борттық жазбасы - екінші "қара жәшікке" сырттай біраз зақым келгені нақтыланады. Бұл ондағы деректерді өңдеуге шамамен бір айға дейін уақыт кетуі мүмкін екенін білдіреді.
Айта кетсек, 2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореядағы Муана халықаралық әуежайында Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Тайландтан оралған ұшақта барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі де бар. Кейінірек екі адамның (жолаушы мен бортсерік) аман қалғаны белгілі болды. Қазақстан СІМ апатқа ұшыраған бұл ұшақта қазақстандықтардың болмағанын нақтылады.