ҰҚК Күдебаевқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Dalanews 03 апр. 2023 13:48 1118

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өтпегенін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965 ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлады.

Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалған.


Айта кетейік, ол 3 сәуір күні сағат 10:00-де сотқа жеткізілуі тиіс болған. Бірақ прокурор күдіктіні алып келу туралы қаулыны орындау барысында Серік Күдебаевтің елден кетіп қалғаны туралы мәлімет ұсынған.

Кейіннен оның 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.

Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған. Ол Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Анықталғандай, Алматы облысының ПД бұрынғы басшысы “ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік” деген күдікке ілінген.

Айыптаушы тарап Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кеткен Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған, ал 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.


Күдебаевтың қорғаушысы Сәуле Әбжанова оның қайда жүргенінен хабарсыз болып шықты.



“Азаттыққа” пікір білдірген Әбжанова:

“Ол соңғы сот отырысына қатысқан жоқ. Сол себепті (оны) сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған. Біз оның орналасқанын жерін білмейміз”, – деді.

DALA INSIDE телеграм арнасы Серік Күдебаевтың қайда жасырынғанын хабарлаған еді. Толық ақпарат сілтемеде: https://t.me/dalainside/1231  

Рекомендовать
Последние новости