Үнді сериалдары бос жүрген жастарды кришнаизмге тартып кетуі мүмкін

Dalanews 27 июн. 2015 12:25 1226

Журналистер күні қарсаңында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп «Свобода Слова» басылымына сұхбат берді. Белгілі қаламгердің салмақты ойы мен көкейге қонымды пікірін оқи отырыңыз.

 – Нұртөре аға, қазақ журналистикасы ұлттық мүддені бəрінен жоғары қоятынын білеміз. Бəріміз ел бірлігіне тілекшіміз ғой. Сіздің ойыңызша қазақтілді журналистикасы тағы қандай тақырыптарды көтеруі керек деп ойлайсыз?

Нурлан Жумахан 10– Қазақтілді баспасөз қашан да жанашыр сөзді айтып келеді. Біз Тәуелсіздікті, Қазақ елін, мемлекеттілік пен мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрді көздің қарашығынан бетер қорғап келеміз. Ұлттық мүдде қашан да бәрінен жоғары тұруы керек. Осы орайда қазақ журналистикасының иығына артылатын жүк те аз емес. Қазақ журналистері ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздік мәселелерін ұдайы назарында ұстап отыруға тиіс. Қорғаныс саласындағы қауқарымыз қандай? Қазаққа қандай қауіп-қатер бар? Қайткенде оның алдын аламыз? Елімізде қабылданған заңдардың озық жағы қайсы, тозық жағы қайсы? Экономикалық реформалардың ұлтымызға берер ұтымды тұстары қандай? Әртүрлі одақ, кеңес, құрылымдардың елге пайдасы қаншалықты? Халқымыздың әлеуметтік жағдайын қалай жақсартуға болады? Білім мен денсаулық салаларында қазақтың қағажу көре беретіні неліктен? Меніңше, осы тақырыптар күн тәртібінен түспеуі керек.

– Соңғы уақыттары мультимедиялық журналистика, яғни, интернет журналистика қарқынды дамыды. Оның алғашқы екпінімен біраз басылымдардың жабылып қалғанын да білеміз. Қазір сол интернет журналистиканың екпіні бәсеңсігендей. Жапатармағай ашылған сайттардың бәрі сол баяғы газетке шыққан материалдарды көшіріп басуда. Сонда қазақтілді журналистер заманауи технологиялық жетістікке дайын болмағаны ма?
«Сайттардың көптеп ашылуы дәстүрлі журналистиканы ығыстырады, ендігі таңда қағаз түріндегі басылымдардың күні бітті» деген уәжді әртүрлі деңгейдегі шенеуніктердің аузынан естіп жүрміз. Қазір сайттардың дені газеттерде жарық көрген мақалаларды көшіріп басумен айналысып отырғаны рас. Сол тәрізді кейбір газеттер интернет басылымдардағы жарияланымдарды жариялаудан арыға бармай отыр.

–  «Сайттардың көптеп ашылуы дәстүрлі журналистиканы ығыстырады, ендігі таңда қағаз түріндегі басылымдардың күні бітті» деген уәжді әртүрлі деңгейдегі шенеуніктердің аузынан естіп жүрміз. Өзіңіз айтып отырғандай, сайттардың дені газеттерде жарық көрген мақалаларды көшіріп басумен айналысып отырғаны рас. Сол тәрізді кейбір газеттер интернет басылымдардағы жарияланымдарды жариялаудан арыға бармай отыр. Бұған қарап қазақтілді журналистер заманауи технологиялық жетістіктерге дайын болмай шықты деген пікір түйіндеудің реті болмас. Әлемде технологиялық жағынан озып кеткен Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде газет пен оның интернеттік нұсқасы қатар өмір сүріп жатыр. Газеттер жабылып қалса, алдымен осы елдерде жабылар еді... Бұл елдердің басты артықшылығы – оқу мәдениетінің қалыптасқандығында. Мәселен, Жапонияда «Иоумури» газеті таңертең және кешке миллиондаған таралыммен жарық көреді. Метрода, қоғамдық көліктің басқа да түрлерінде жапатармағай газет оқып отырған адамдарды көру таңсық емес. Құстың қос қанаты секілді дәстүрлі басылымдар мен жаңамедиа нарығы бір-бірімен қанаттаса дамып келеді. Бізде де солай болу керек. Бұл жерде мәселе – талғам мен таңдауға тіреледі. Сізге қайсысы ыңғайлы, газет пе, сайт па? Таңдау азаматтардың еркінде. Қазақтілді интернет русурс әлі де күш алуы тиіс деп есептеймін. Мынау өзімізге көршілес Ресейдің бұл мәселеде бізден әлдеқайда озық кеткенін көруге болады. Өмірдің бар саласы жаңамедиа нарығында бар. Бізде интернеттік нұсқаның қолы да, жолы да жетпей жатқан салалар бар. Олардың есесін толтыру – бірінші кезекте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін шаралар. Қазақ тілі қай салаға болсын жарамды. Тілдің тартымдылығын қалыптастыру – басты назарда болу керек. Биыл Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Қаһарман» сайты ашылды. Көптеген ақпарат қамтылған. Осындай салалық интернет басылымдардың көбейгенінен қорқудың қажеті шамалы. Сондықтан әлі де бізге қай тарапта болсын жұмыс табылады.
Телеарна – ұлтты тәрбиелеудің құралы. Біз осы құралдың пәрменін жоғалтып алдық. Қазіргі таңдағы қаптаған үнді, түрік, корей сериалдары қазаққа ештеңе бермейді. Үнді сериалдарының көбеюінің ар жағында не істерін білмей отырған қазақ жастарының кришнаизмге кіріп кету қаупі тұр.

– Бүгінде телеарналарды шоу-бағдарламалар басып қалды? Журналистикада еңбек етіп келе жатқаныңызға 35-40 жыл болды. Қазақы көрермен мен оқырманның талғамы шынымен де шоу деңгейіне төмендеп кетті ме? Жоқ, әлде бұл мәселеге басқа да әлеуметтік жағдаяттар себепші болды ма?

Нурлан Жумахан 09Телеарналардағы шоу сипатты бағдарламалар адамды ойландырмау үшін жасалып жатқан нәрсе ме деп ойлаймын. Қазақ көрермендері мен оқырмандарының талғамы төмендеп кеткен жоқ. Төмендетуге ұмтылатын күштер бар. Кезінде «Қазақстан» арнасын Ғалым Доскенов басқарып тұрды. Сол кезде қандай тамаша хабарлар дүниеге келді. Телеарна – ұлтты тәрбиелеудің құралы. Біз осы құралдың пәрменін жоғалтып алдық. Қазіргі таңдағы қаптаған үнді, түрік, корей сериалдары қазаққа ештеңе бермейді. Үнді сериалдарының көбеюінің ар жағында не істерін білмей отырған қазақ жастарының кришнаизмге кіріп кету қаупі тұр. Шоу-бағдарламалар рейтингті көтеру үшін жасалады. Ал сол рейтингті түзетін, жасайтындар кімдер? Бұл ыңғайда қазақ көрермендерінің таным, талғамы қаперге алынып отырған жоқ. Мәселен, елімізде «Мәдениет» арнасы ашылғанда мен «Өркениет» деген бағдарламаны жүргіздім. 100-ге тарта хабар түсірдік. Соның қай-қайсысында болсын қазақтың негізгі мәселелерін көтердік. Кейін «Мәдениетті» «Хабарға» қосты. «Түсіретін кран жоқ» деген желеумен әлгі хабарымыздың қарасы батты. Ел әлі күнге дейін сол хабарды іздейді. Мен бұл арада керемет тележүргізуші болдым, немесе телеарнада тау қопарып тастадым деп айта алмаймын. Алайда, қазаққа керек хабарлар «рейтингі төмен» деген сылтаумен эфирден алынып тасталады. Ұлттың сөзін сөйлеген хабарлардың ғұмыры ұзақ болмайды. Мұның астарында қазақты ойлантпау, «Неге?», «Неге бұлай?» деген сауалдарды қойғызбау пиғылы жатқан жоқ деп айта алмаймын. Бірыңғай шоу арқылы біз ұлтымызды тәрбиелей алмаймыз. Шоудың арты қашан да шуға ұласпай тұрмайды...

– Нұреке айтыңызшы, тәуелсіздік жылдары қазақ журналистикасы қандай жетістікке жетті?

– Тәуелсіздік бізге көп нәрсе берді. Еркіндік, елдік, мемлекеттілік деген ұғымдар алдыңғы лекке шықты. Мемлекет өз тарапынан ұлттық баспасөзге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ұлттық басылымдарды қолдау мен қорғау ісінде еліміздің алғашқы ақпарат министрі  Алтынбек Сәрсенбаевтың азаматтық позициясын атап өту керек.  «Мемлекеттік тапсырыс»  дегенді де ойлап тапқан Алтынбек болатын. Сол арқылы нарықтық реформалардың қиын сәттерінде ұлттық баспасөз жабылудан аман қалды.  Сол тұста қаншама жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. «Ана тілі» газетінің таралымы талайлардың түсіне де кірмейтін деңгейге жетті. «Жас Алаш» газеті тап сол Алтынбек Сәрсенбайұлының басшылығы тұсында гүрілдеп тұрды. Сөз бостандығы да бар еді. Келе-келе баспасөз саласындағы заңнамалар қатайтылды. Шеңбер тарылды... Әйтсе де қазақ журналистикасы Тәуелсіздік жылдары мазмұн жағынан да, мәнісі жағынан да өсу, өркендеу бағытында болғанын айтуымыз керек. Журналистердің қоғамдық мәртебесі биіктеді. Жыл сайын Президенттік сыйлық белгіленді. Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстан Журналистер Академиясының арнаулы сыйлықтары, одан қалды облыстық, өңірлік деңгейде белгіленген қаншама сыйлық бар! Соның бәрі қоғамның БАҚ-пен санасатындығын көрсетеді. Жетістікті бізден ешкім тартып алмайды. Заман ыңғайына қарай ұлттық баспасөз бір орнында тұрып қалмауы керек.

– Сіз еліміздің маңдайына басқан ірі газеттерді тізгіндеп, басқардыңыз. Қазір «Айқын» газетін басқарып отырсыз? Журналистикадағы жұмыс тәжірибеңіз барысында тілге қатысты алалаушылық мәселе алдыңызда шықты ма? (Жарнама, жалақы мәселесі, маңызды саяси мақалаларды басу барысында).

– Тілге қатысты алалаушылық  дегенді көп кездестірген жоқпын. Кезінде «Ақ жол Қазақстан» газетін шығарарда сонымен «Эпоха» газетінің штат кестесінде едәуір айырмашылықтың бар екенін көріп, басылым қожайындарына «Егер қазақтілді басылым қызметкерлері 1 цент кем жалақы алатын болса, бұл жерде жұмыс істемеймін» деген талап қойғанмын. Біздің қазақ журналистері көп жағдайға көнгіш. Орынды талап қоя білмейді. Соның салдарынан опық жейтін тұстары да бар. Тұтас алғанда тілге байланысты қандай да бір алалаушылық болған емес.

– Сіз журналистикада теңдессіз іс-тәжірибе жинаған мамансыз? Болашақта орасан зор іс-тәжірибеңізді бизнеспен байланыстырғыңыз келмей ме?

– Қазақ журналистикасында жүргенімізге 40 жылға жақындады. Біршама тәжірибеміз де бар шығар. Орайы келгенде аймақтарға шығып, «Шеберлік сыныбынан» дәрістер оқимын. Қазіргі таңда бизнеспен айналысуға кешігіп қалдық. Біздікі – кәсіби тірлік. Құрылтайшыға қандай газет керек: өлі газет болса – өлі газет, тірі газет болса – тірі газет шығарып бере аламын. Қолдан келетіні сол ғана.

– Нұреке, сіз Кеңес заманында Павлодардың облыстық газетінде жұмыс істеп, сол кездегі журналистиканың барлық баспалдағынан өттіңіз? Соңғы уақыттары республикалық басылымдардан гөрі облыстық, қалалық басылымдар күш ала бастағаны байқалады? Бұған қандай жайттар әсер етуі мүмкін?
Журналистика факультеттерін бітіріп жатқан жас журналистердің арасында газет қызметкері болуға деген құлшыныс жоқтың қасы. Жастардың бәрі телеарнаға барып, бірден «жұлдыз» болғысы келеді. Бұл журналистиканы жайлап алған қоғамдық дерт болып отыр. «Журналистиканың балалық ауруынан» айығар күн де алыс емес шығар деп ойлаймын.

Нурлан Жумахан 11– Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жеті жылға жуық жұмыс істедім. Қазір бұл газет – «Сарыарқа самалы» деп аталады. Мен үшін үлкен мектеп болды. Сондағы маған ақылшы ұстаз болған Айтжан Бәделханов, Төлеубек Қоңыров, Қажымұрат Смағұлов, Мұхаметжан Дәуренбеков секілді ағаларыма ұшан-теңіз қарыздармын. Төлеубек ағамнан басқалары бақилық болып кетті. Қазір аймақтық басылымдар жақсы дамып келеді. Әр өңірде сапалы шығып жатқан басылымдар баршылық. Бұл Астананың дамуымен бірге барлық облыс орталықтарының дамығаны сияқты нәрсе ғой. Оның үстіне қазір интернеттік кеңістік газеттердің республикалық немесе аймақтық болып бөлінуін болдырмауға қарады. Жергілікті басылымдардың жедеғабыл дамуын жақсылыққа балаймын. Бірақ қай жерде болсын жақсы, білікті, сауатты кадрға деген зәрулік байқалады. Журналистика факультеттерін бітіріп жатқан жас журналистердің арасында газет қызметкері болуға деген құлшыныс жоқтың қасы. Жастардың бәрі телеарнаға барып, бірден «жұлдыз» болғысы келеді. Бұл журналистиканы жайлап алған қоғамдық дерт болып отыр. «Журналистиканың балалық ауруынан» айығар күн де алыс емес шығар деп ойлаймын.

– Соңғы жылдары бірқатар республикалық басылымдарда оңтайландыру жұмыстары қолға алынып, ірі медиахолдингтердің қанатының астына өтті. Маман ретінде айтыңызшы, бұл іс-тәжірибе өзін ақтады ма?

– Басылымдардың ірі медиахолдингтерге біріктірілуінің жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Жақсы жағы ресурстар бір жерге шоғырландырылады. Еңбекақы, қаламақы төлеу мәселелері біршама жолға қойылған. Газеттерді басу және тарату ісі де оңтайландырылған. Алайда, тақырыптық, шығармашылық тұрғыдан алғанда біршама шектеулердің бары да анық. Жақында ғана Шымкент қаласында «100 нақты қадам: ақпараттық қамту және ілгерілету» деген аймақтық журналистер форумы өтті. Сонда 2020 жылға қарай Қазақстанда шығатын барлық аудандық, қалалық және облыстық газеттердің орыс тіліндегі нұсқаларын мемлекеттік тілде шығатын басылымдардың жанынан шығару туралы ұсыныс жасадым. Бұл тарапқа өзге тілде шығатын басылымдарды да қосу қажет. Мәселен, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қосымшасы етіп, орыс тіліндегі «Южный Казахстан» және өзбек тіліндегі «Жанубий Қазоқистан» газеттерін шығарғаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Кезінде Никита Хрущевтың  тыңайған жерлерді игеруді желеу етіп, аталған басылымдардың орысша нұсқаларын шығартқан. Сондағы ойы – Совет халқы бір тілде сөйлейтін болады деген сылтау еді. Сол себептен таза қазақ аудандарында орысша газеттерді шығаруды арнайы хаттар жаздыртып, қолдан ұйымдастырған. Енді біз Мәңгілік ел боламыз деп отырмыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген аталы сөз айтты. Демек, мемлекеттік тілдегі басылымдарға басымдық беретін кез жетті.

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге қандай тілек арнайсыз?

– Төл мерекеміз құтты болсын! Журналистер статистика деректері бойынша ең қатерлі мамандық иелері саналады. Бұл салада күндіз-түні ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандардың жүйкесі мен жүрегіне көп күш түседі. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын деген тілектен басқа не айтамын?!.

Сұхбаттасқан Нұрлан Жұмахан.

 

Рекомендовать
Последние новости