Ұлттық музейден алынған экс-президенттің ескерткіші қайда қойылды

Азамат Қойшығара 01 февр. 2024 14:59 1777


Dalanews.kz тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейден алынғанын жазған болатын. Ал тастұғыр қайда қойылды?


Ұлттық музейге арнайы барған Азаттық радиосының тілшісі Қазақстанның бұрынғы көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бөлшектелгенін мәлімдеді. Ол ескерткіштің орнына экран орнатылғанын көрген.



Мұражайдың баспасөз хатшысының мәліметінше,ескерткіш қоймаға ауыстырылған.



Бұған дейін Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында орнатылған Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бөлшектелген болатын. Оны Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіруді жоспарлап отырғаны айтылған.



Рекомендовать
Последние новости