Ұлттық экономика министрі санкцияға ұшырау туралы: Бұл "бір күндік" компаниялар

Кәмшат Тілеухан 08 нояб. 2024 11:23 2001

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбриятанияның санкциясына ұшыраған қазақстандық алты компанияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр санкцияға ұшыраған команияларды "бір күндік" деп атады.

"Біз тексеруге кіріскен кезде олардың толыққанды экономикалық субъект емес екеніне көзіміз жетті. Яғни, оны ашады, келісімшарт жасайды, содан соң жоқ болып кетеді. Мәміленің қалай жасалатыны түсінікті, батыстағы санкцияларға жауапты қаржылық қызметтер соны тіркейді де, бұл компанияларды тізімге қосады. Менің ойымша, бұл қазақстандық компаниялар санкцияларды айналып өтуге тырысты дейтіндей жүйелі мәселе емес. Бұл - пайда табуға ұмтылған әртүрлі компаниялар. Олармен күресу қиын, бірақ тұтастай алғанда, біз тиісті бақылау қызметтерімен келіскен америкалық және еуропалық санкциялар бойынша шектеулерді сақтаймыз", — деді ол.

Айта кетсек, 7 қарашада Қазақстанның жеті компаниясы батыстың санкциясына ұшырағаны хабарланған болатын. "Ұлыбритания жариялаған санкция тізіміндегі Қытай, Түркия және Орталық Азияда орналасқан кәсіпорындар Украинаға басқыншылық жасаған Ресейдің әскери өнеркәсібіне қажет тауарлар (станок, микроэлектроника және дрон компоненттері) жеткізумен және шығарумен айналысады" делінеді Ұлыбритания СІМ мәлімдемесінде.


Рекомендовать
Последние новости