Ұлттық банк басшысы жинақты алтынмен сақтауға кеңес берді

Dalanews 09 сент. 2016 09:02 922

ҚР Ұлтық банкі қазақстандықтарға өздерінің жинақтарын аффирленген алтынмен сақтауды ұсынады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті.

– Біз халыққа өздерінің жинақтарын қарапайым және түсінікті тәсілмен алтын түрінде сақтауды ұсынамыз, бұл шын мәнінде шетелдік валютаға балама бола алатын еді. Бұл ретте Ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, осы нарықтың өтемпаздығын қамтамасыз етуді қарастырады. Халықтың кез келген уақытта алтынды сатып алуға сатуға мүмкіндігі болуы тиіс, – деді Бас банкир.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк қазақстандықтардың жинақтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін аффинирленген алтын құймаларын иеленуге қатысты үгіттеуді жоспарлайды. Бұндай алтын құймалар алтын және күміс монеталармен қатар жүретін болады.

 

Рекомендовать
Последние новости