Ұлытау облысында айтыс ақыны пара алды деген күдікке ілінді

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 13:10 6192

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Антикор оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұқаралық ақпарат құралдарында лауазымды тұлға бұған дейін айтыскер ақын болған Әнуар Омар екені айтылып жатыр. Ол бұдан бөлек Ұлытау ауданы, Ұлытау селолық округінің әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, Ұлытау ауданының әкімі, Сәтбаев қаласының әкімі секілді қызметтер атқарған. 


Рекомендовать
Последние новости