Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстауға қатысқан командир танымал сериалдарға түсіп жүр

Көркем Алдабергенова 12 февр. 2024 16:46 6615

2006 жылы 11 ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстауға қатысқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты "Арыстан" арнайы жасағының командирі Еділ Әбікенов бүгінде қазақстандық сериалдарға түсіп жүр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әбікенов бірнеше сериалда эпизодтық рөлдерді сомдаған. Солардың бірі - "Бажа" веб-сериалы. 

Айта кетейік,бұған дейін Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстап әкеткен "Арыстан" жасағының командирі Еділ Әбікенов жағдайдың қалай болғанын айтып берген. Ол 2006 жылы 11 ақпанда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстау кезінде ешқандай күш қолданылмағанын айтады. 

Еділ Әбікенов осы оқиғадан кейін 5 әріптесімен бірге сотталған, өзі түрмеде 12 жыл отырып шықты. Сондай-ақ ол Алтынбек Сәрсебайұлының ісіне қатысты айтылмаған дүниелер әлі де көп екенін және жақын уақытта ол ашық жария болмайтынын жеткізді. Әбікенов саясаткерді ұстау жөнінде бұйрықты бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов бергенін айтты.

Еске салайық, 2006 жылы 11 ақпанда танымал саясаткер, оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісі – Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды ұрлап әкеткен. Екі күннен кейін, 13 ақпанда, олардың атылған денелері Алматы маңындағы таулардан табылды.

Рекомендовать
Последние новости