Украинадағы соғыста қазақстандық азамат қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 16 сент. 2024 16:00 4248

Украинада қазақстандық азамат қайтыс болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы журналист, блогер Лұқпан Ахмедияров хабарлады. Айбек Рамазанов Орал қаласының тумасы. 

"Ол 2023 жылы өз еркімен Ресей Қарулы Күштерінің қатарына қосылып Украинаға қарсы қылмыстық соғысқа қатысты. Бұған дейін Айбек Рамазанов Батыс Қазақстан облысында Жайық Мұнай компаниясында жұмыс істеген", -  дейді журналист.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцтің өтінішімен Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді, 

– Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді. Өкінішке қарай, Ыстанбұл келісімін бекітуден бас тартып, татуласуға қол жеткізетін оңтайлы мүмкіндікті уыстан шығарып алды. Дегенмен бейбітшілік орнатуға әлі де мүмкіндік бар. Түрлі мемлекеттердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарап, әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келу керек. Содан кейін территориялық мәселелерді талқылаған жөн. Біздіңше, Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспары қолдауға тұрарлық. Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді. Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Рекомендовать
Последние новости