ҰҒТАО мен Springer компаниясы Орталық Азияның белсенді ғалымдарын марапаттады

Dalanews 15 июн. 2015 01:03 982

Таяуда «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы мен Springer халықаралық басылымдар компаниясы белсенді түрде ғылыми мақала жариялап, әлемдік ғылымның дамуына үлес қосып келе жатқан Орталық Азияның белді ғалымдарына арналған «Top Springer Author» сыйлығын табыс етті.

Cыйлық Springer компаниясының беделді ғылыми журналдарына мақала жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғалымдарға берілді.

«ҰҒТАО» АҚ-ы мен Springer компаниясы алдағы уақытта бұл сыйлықты Орталық Азияның жетекші ғалымдарына беріп тұруға уағдаласты. Өз кезегінде сөз алған «ҰҒТАО» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев бұл сыйлық Кіндік Азиядағы ғалымдардың белсенді жұмыс істеп, аймақтағы ғылымның дамуына үлес қосатынын алға тартты.

[caption id="attachment_10987" align="aligncenter" width="1200"]Топ "ҰҒТАО" АҚ мен Springer компаниясы тағайындаған "Top Springer Author" сыйлығына ие болған Орталық Азияның ғалымдары[/caption]

Салтанатты шара барысында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның ғалымдары қатысып, арнайы марапатқа ие болды. Жиын барысында ғылыми ақпарат тарататын ірі компаниялардың Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатып, жан-жақты жұмыс істеп жатқанын алға тартты. Сонымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Top Springer Author» сыйлығына биыл Қазақстаннан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, академик Рәтбай Мырзақұлов, Органикалық синтез және көмір химиясы институтының жетекші ғылыми қызметкерлері зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Нұркенов пен химия ғылымдарының кандидаты Серік Фазылов, Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры Әнуарбек Мейрамов, Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі, физика-химия ғылымдарының докторы Юрий Төлешев ие болса, Қырғызстаннан «Геоприбор» ғылыми-инженерлік орталығының директоры Исакбек Торгоев, Қырғызстан Ғылым академиясының Сейсмология институтының директоры Қанабек Абрахматов және геология-минералогия ғылымдарының докторы Владислав Баталев «Top Springer Author» сыйлыған қанжығаларына байлап қайтты. Ал Тәжікстаннан келген Математика институтының бөлім меңгерушісі Мирганд Шабозов өзіне тиесілі сыйлығын еліне алып қайтты.

Жиын барысында сөз алған «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев Орталық Азия аумағындағы мемлекеттер ғалымдарының басын қосып, ортақ мақсатқа бағыттайтын басқосу қажет екенін алға тартты.

[caption id="attachment_10988" align="alignleft" width="350"]Адил Әділ Ыбыраев, "ҰҒТАО" АҚ-ы президенті[/caption]

– Қазіргі таңда дүниежүзінде кез келген сала ынтымақтастып, дамудың даңғыл жолына түсіп жатыр. Осы ретте ғылым саласы да ынтымақтастық аясын кеңейтіп, алға қадам басуы керек деп есептеймін. Орталық Азия елдерін алып қарасақ бұл бағытта Қазақстандағы ахуал көш ілгері екенін байқауға болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында қазақ ғалымдары бірнеше жылдардан бері  Springer, Thomson Reuters, Elsevier сынды шетелдің танымал ғылыми мәліметтер қорын еркін пайдаланып келе жатқанын үлкен мақтанышпен атап айтуға болады. Осындай мемлекеттің қолдауының арқасында қазақ ғалымдары дүниежүзіндегі беделді ғылыми журналдарға ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткіштерге ие болуда. Осы ретте біздер Springer компаниясымен бірлесіп, Springer ғылыми мәліметтер қорындағы ғылыми журналдарға көптеген мақала жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткіштерге ие болған Орталық Азиядағы ғылымдардың қолдау мақсатында «Top Springer Author» сыйлығын тағайындауды жөн деп шештік. Кеңес заманында Орталық Азия ғалымдары жиі бас қосып, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Кейін әр мемлекет өзінің тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін ғылыми байланыстарымыз бәсеңсіп қалғаны жасырын емес. Осы ретте біздер сол байланысты қайта жандандырып, Кіндік Азиядағы ғылымның қайта жандануына мүдделіміз. Кеңес заманында ғалымдардың еңбегін Коммунистік партия басшылары бағалап, өз сыйлықтарын табыстаушы еді. Ал қазір жағдай мүлде өзгерген. Бүгінде ғылымдардың тиімді жұмыс істеп жатқанын ғылыми еңбектерін белделді ғылыми журналдарда жариялап, жоғары сілтемеге ие болуымен өлшенеді. Өз басым мұны ғалымдардың еңбегін бағалаудағы маңызды тәсіл деп есептеймін. Сондықтан бүгін біздер  Springer компаниясының ғылыми журналдарына көп мақала жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған ғалымдарды марапаттауды жөн деп шештік, – деді «ҰҒТАО» АҚ президенті Ә.Ыбыраев. Бұдан кейін сөз алған Springer компаниясының мемлекеттік және академиялық секторды дамыту директоры Анжела Тиммерман ханым іс-шараның мәні мен мазмұнына тоқталды.

[caption id="attachment_10989" align="alignleft" width="323"]Анжела Анжела Тиммерман, Springer компаниясының мемлекеттік және академиялық секторды дамыту директоры[/caption]

– «Top Springer Author» сыйлығы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы мен Springer компаниясының арасындағы ұлттық жазылымның аясында тағайындалып отыр. Өз басым бұл сыйлық алдағы уақытта Орталық Азиядағы ғылымды дамытудағы маңызды сыйлықтардың біріне айналатынына сенімдімін. Қазіргі уақытта Springer компаниясы дүниежүзіндегі ғылымның жан-жақты дамуына барынша жағдай жасап келеді. Алдағы уақытта Қазақстан мен Орталық Азияда ғылымның гүлденгенін қалаймыз. Қазіргі таңда Қазақстан бұл бағытта көшбасшылық қызметін атқаруда. Ғылыми ынтымақтастықтың қарқында дамып келе жатқанын Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ғалымдары беделді ғылыми журналдарға маңызды ғылыми еңбектерін жариялай бастағанынан анық аңғаруға болады. Осы ретте біздер Қазақстан ғалымдарының ғылыми мақала жариялау белсенділігін арттырып, ғылыми қызметкерлердің қызығушылығын ояту мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастыратын боламыз. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстың жандануына «Top Springer Author» сыйлығы өз ықпалын тигізетіне сенімдімін, – деді Анжела Тиммерман ханым.

Қазақ ғалымдары арасында сөз алған Рәтбай Мырзақұлов соңғы бірнеше жылда әлемнің беделді ғылыми журналдарына 150-ден астам ғылыми мақала жариялап, көптеген жұмыс атқарғанын алға тартты.

[caption id="attachment_10990" align="alignright" width="298"]Ратбай Рәтбай Мырзақұлов, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының жетекшісі[/caption]


– Ғалымдарды ынталандыру мақсатында тағайындалған «Top Springer Author» сыйлығының келешегі зор деп есептеймін. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астанада теориялық физика орталығын құру үшін Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне ауысқан едім. Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың ғылымға жасаған қамқорлығының арқасында ойға алған ісімді толығымен іске асырдым. Бүгінде еліміздегі ғылыми ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп келе жатқан «ҰҒТАО» АҚ-ы президенті Әділ Жүнісұлы мен орталық қызметкерлеріне алғыс айтамын. Өз басым соңғы уақыттары шетелдің беделді ғылыми журналдарына 150 мақала жарияладым, соның 50-ге жуығы Springer-дің ғылыми журналдарына жарық көрді. Осы ретте Қазақстандағы ғылымды дамытуға үлес қосып жүрген Springer компаниясына табыс тілеймін. Бұл сыйлық қазақ ғалымдарының белсенді жұмыс істеуіне ықпал етіп, еліміздің аты әлемге танылатыны анық, – деді майталман ғалым. Бұдан кейін Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген ғалымдар мінбегі шығып сөз сөйлеп, Қазақстанда мемлекеттің ғылымға жасап отырған қамқорлығына қызығатындарын жеткізді.

[caption id="attachment_10991" align="aligncenter" width="776"]Тажик Мирганд Шабозов, Тәжікстан математика институтының бөлім меңгерушісі[/caption]

 

[caption id="attachment_10992" align="aligncenter" width="945"]Халык «Top Springer Author» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысқан ғылыми орта[/caption]


Нұрлан Жұмахан, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.  


Рекомендовать
Последние новости