Түтіннің кесірінен денсаулығы нашарлаған өскемендіктерге өтемақы берілуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 09 янв. 2025 14:43 723

Түтіннің кесірінен денсаулығы сыр берген өскемендіктерге өтемақы берілуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай ұсынысты сенатор Ольга Булавкина жасаған. Ол парламентте Шығыс Қазақстан облысының атынан өкілдік етеді. Оның сөзінше, ақшалай өтемақы міндетті түрде қажет және бұл тек өскемендіктерге ғана емес, Алматы және өзге де қала тұрғындарына қатысты болуы керек. 

Ол кеңес заманында бұл тәжірибе болғанын, енді сондай өтемақыларды қайтадан беруді қолға алу керегін айтты. Ұсыныс бойынша өтемақы мөлшерін мемлекеттік органдар белгілеп, халықтың денсаулығы, ластану деңгейі мен аймақтардың ерекшеліктері ескерілуі керек.

"Мен ол аймақта ұзақ уақыт бойы өмір сүрдім, қазір онда менің отбасым, достарым мен жақындарым тұрады. Өкінішке қарай, көбінің денсаулығы да сыр бере бастаған. Бұл экологиялық жағдаймен байланысты деп ойлаймын. Жағдай расында қиын, тамақтың ауыруы, жөтел, адамдардың жиі ауыруы бар, кейбірінің иммунитеті онсыз да әлсіз. Жыл сайын ауырады деп айтуға болады. Жағдай реттеледі деп үміттенемін", дейді сенатор. 


Рекомендовать
Последние новости