“Жас қызға есірткі беріп, зорлаған”. Прокуратура Ақтаудағы жантүршігерлік оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 09 янв. 2025 12:37 4190

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда жас қызды зорлап, есірткі берген 5 жігіттің ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Олар кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“2024 жылғы 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жәбірленушіге қатысты жасалған қылмыс бойынша негізгі фигурантқа 20 жыл, ал оның жанындағы қылмысқа үлес қосқан төрт жігітке 7 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру тағайындалды. Өз кезегінде прокурор өзінің жарыссөзінде бас фигурантқа өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал басқа қатысушыларға 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған”, деп хабарлады прокуратура.

5 қаңтарда облыс прокуроры сот үкімі мен жаза мөлшеріне келіспегендіктен, сот жарыссөзінде баяндалған ұстанымға сәйкес өтінішхат енгізді.

Еске салайық, бұған дейін nemolchikz_official әлеуметтік желіде 2024 жылдың мамыр айында Ақтауда болған жантүршігерлік оқиғаны жариялаған еді.

14 мамыр күні түнде Ақтауда бір топ ер адам спортпен айналысып, фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген қызды көлікке күштеп отырғызып, мефедрон беріп зорлаған. Таңға дейін қызды қинап, қала берді телефоны арқылы 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Қыздың туыстары сот шешіміне қарсы шағым түсіріп, істің әділ қаралуын сұрады.

Прокурор бас зорлаушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған, ал қалған төртеуіне 15-16 жылға дейін жаза тағайындалуы тиіс болатын. Прокуратура оларды зорлау, жыныстық зорлық-зомбылық, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, есірткі заттарын қолдануға көндіру, заңсыз бас бостандығынан айыру және адам ұрлау, бопсалау бойынша айыптаған. Алайда судья қыздың өлімін зорлықпен байланыстырмаған. Осылайша қылмыскерлердің жазасын жеңілдеткен. Марқұмның отбасы бұл шешімге апелляциялық шағым түсірді.


Рекомендовать
Последние новости