Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында бірнеше заңбұзушылық әшкереленді

Қаракөз Амантай 05 янв. 2025 10:28 868

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында ондаған заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында шағымдарды қарау кезінде жекелеген әлеуетті жеткізушілерге артықшылық беру, бір көзден келісімшарттарды негізсіз мақұлдау, аудиттік іс-шаралар барысында анықталған заңбұзушылықтарға шара қолданбау, сондай-ақ енгізілген ескертулердің орындалмауына қатысты әрекетсіздік фактілері анықталды. Жалпы, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзудың 59 дерегі тіркелді, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқықбұзушылық белгілері бар 52 дерек анықталды”, – делінген жексенбі күнгі хабарламада.

Мәлімдемеде айтылғандай, прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке алты лауазымды тұлға, соның ішінде департамент басшысының орынбасары тартылған.

“Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда”, – деп атап өтті қадағалау органы.


Рекомендовать
Последние новости